Кекілік

Кекілік құс куропатка Құстар

кекілік құс орысшасы кекликКекілік (лат. Alectoris graeca, рус. Европейский кеклик, или европейская каменная куропатка, или европейская горная курочка) – тауық тәрізділер отрядына жататын оташа денелі құс.

Салмағы 400-500 грамм. Ересек кекіліктің арқасы көкшіл сұр, қанатының жамылғы қауырсындары көкшіл теңбілді қызғылт сары. Қоңыр сары мойны мен шықшыты қара жолақпен көмкерілген, омырауы көкшіл сұр, бауырының қалған жері қоңыр сары, екі бүйірі ақ, бірақ қара, сары жалпақ жолақты. Тұмсығы және аяғы – ашық қызыл түсті.

кекілік таралу мекені

Кекілік Балқан және Кіші Азия тауларынан Солтүстік Қытайға дейін тараған. Қазақстанда Жоңғар Алатауында, Тянь-Шаньның солтүстігінде, Іле және Теріскей Алатауында, Сауыр, Тарбағатайда, Үстірт, Маңғыстауда тараған. Теңіз деңгейінен 2500 метрге дейін жоғары тау етегінен құрғақ, тік беткейді ұнатады, оның үстіне әрі құрғақ, әрі ыстық жазда одан жоғарырақтан да кездесуі мүмкін.

кекілік жұмыртқаКекілік – ұяламаған уақытта топтанып жүреді, тұрғылықты құс. Жердегі не тас арасындағы шұқыршықтарға құрғақ шөп төсеп, 12-15 жұмыртқа салады. 26 күнде балапан басып шығарады.

Өсімдік дәнін, жәндіктерді жейді. Кекіліктің еті дәмді, арнайы рұқсатпен ауланады.

Басқа құстар туралы ақпаратпен танысу үшін “Құстар” айдарына өтуді ұсынамыз. 

Оцените статью
Добавить комментарий