Керік

Аша тұяқтылар

Керік (лат. Giraffidae, орыс. Жираф) – аша тұяқты жануарлардың бір тұқымдасы.

Биіктігі (шоқтығынан) 3 м-дей, салмағы 550-1800 кг. Мойны өте ұзын, басы онша үлкен емес, жай тұрған жирафтың басы жерден 5-6 м биіктікте болады. Сыртын тері қаптаған, сүйекті 2-5 мүйізі бар, күрек тістері, ит тісі жоқ. Жирафтың 2 туысы (жираф және окапи) бар. Жираф туысына теңбіл жираф пен кәдімгі жираф жатады. Теңбіл жирафтың теңбілдері ірі, қара қоңыр түсті, екі мүйізінен басқа дара бір мүйізі бар. Кәдімгі жирафтың жалпы түсі ашықтау, теңбілдері әр түрлі пішінді, қара қоңыр, шілде-тамыздан бастап 420-450 күн көтеріп, салмағы 70 кг, биіктігі 1,7-2 м төл туады.

Жираф Африкада ғана жазық далалы жерлерді мекендейді. Негізінен қарағанның жапырағын, бұтағын жейді. Етін тағамға, терісін түрлі бұйым жасауға пайдаланады. Окапи (Окарта) туысының бір ғана түрі (О. johnstoni) бар. Бұл жануар ғылымға 20-ғасырдың бас кезінде ғана белгілі болған, тұрқы 2 метрдей, биіктігі (шоқтығынан) 1,5-1,72 м, салмағы 250 кг. Мойны онша ұзын емес, түрі біркелкі қызғылт қоңыр, сары жолақты. Батыс Африка ормандарында кездеседі. Жираф тұқымдасы миоцен дәуірінде бұғы тәрізді тұяқтылардан дамып, миоцен, әсіресе плиоценде Европада, Азияда, Африкада тіршілік еткен. Жирафтың сиватeрий, палеотрагус, самотерий деген қазба туыстарына жататын сүйектері Қазақстанда гиппарион фаунасы құрамынан белгілі.

Оцените статью
Добавить комментарий

Verification: 10f717cc66f744aa Verification: 91355f6475116ae7