Жылан бүркіт

Жануарлар

Жылан бүркіт (лат. Circaetus ferox, орыс. Змеея́д) – қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Тұрқы 72 см, салмағы 1200 г, жайған қанаты 160-190 см. Арқасы қара қоңыр, бауыры ақшыл көлденең жолақты, сирағы қауырсынсыз, мүйізденген қабықты, ақшыл сары. Еуропа, Оңтүстік-батыс Азия және Солтүстік Африкада тараған Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе Тянь-Шань тауының оңтүстік-батысындағы жоталардың етегіндегі өсімдігі сиректеу аймақтар мен құмды, шөлді жерлерде жиірек кездеседі.

Жылан бүркіт Африка, Арабия, Иран, Ауғанстан, Үндістанда қыстап, сәуірде қайтып келеді. Ағаш, бұта басына, жартасқа ұялап, 1 жұмыртқа салып, 30 күнде балапан шығарады. Жылан бүркіттің жемі – жылан, кесіртке, бұлар жоқ жерде құрбақа, ұсақ құстар, кірпі, ұсақ кемірушілер. Улы жыландар мен зиянды кемірушілерді жеп пайда келтіреді.

 

Оцените статью
Добавить комментарий