Жұрбай

Құстар

Жұрбай, дала боз торғайы (лат. Melanocorypha calandra, орыс. Степной жаворонок, каландра) – боз торғай тұқымдасының бір түрі.

Сұрғылт немесе сұрғылт сары түсті, арқасы қоңыр көлденең жолақты, бауыры ақ, мойнының екі жағында қара дағы бар. Қанаттарының шеті ақ, салмағы 53-65 г. Батыс Еуропаның оңтүстігінде, Африка, Азияда, Қазақстанда Жайық, Сырдария, Зайсанда көбіне тау етегінде, далалық аймақтарда кездеседі.

Жұрбай – жыл құсы, қазанда жылы жаққа кетіп, наурызда қайтып келеді. Жерді шұқырлап ұя жасап, оған 4-5 жұмыртқа салады. Жұрбай көбіне насекомдар, көк шөп, өсімдіктің дәні, тұқымымен қоректенеді. Жақсы сайрайды, пайдалы құс.

Оцените статью
Добавить комментарий