Жорға торғай

Құстар

Жорға торғай (лат. Garrulus glandarius, орыс. Сойка, Кареза) – торғай тәрізділер отрядына жататын құс.

Тұрқы 37 см-ге дейін, салмағы 150-200 г, түсі сарғыш, қанатының, құйрығының ұшы қара. Жорға торғай Еуропада, Солтүстік-Батыс Африка, Азияда, Сібірдің солтүстігінде, Сахалинде тараған. Орманды жерді мекендейді, ұясын ағаш, бұта басына жасап, 5-7 кейде 10 жұмыртқа салады. Жорға торғай көктемде, жазда негізінде насекомдарды, кейде ұсақ омыртқалыларды жейді. Күзде әр түрлі жемістерді, қыста ашыққанда жазда жинап тығып қойған (бір жерде 4 кг-дай) емен шошқа жаңғағын жейді. Зиянды насекомдарды жеп және емен тұқымын таратып, орман шаруашылығына пайда келтіреді .

Оцените статью
Добавить комментарий