Қаршыға тұқымдасы (лат. Accipitridae, орыс. Ястребиные ) – күндізгі жыртқыштар отрядына жататын құстар.
Дене тұрқы 28-114 см. Аяғы шомбал, тұмсығы имек, мықты. Көздері үлкен, денесі салмағының шамамен 1%-ын құрайды. Көздің көргіштігі адамдікінен 8 есе жоғары. Қоразы мен мекиенінің реңі ұқсас.
Ұясын ағашқа, жартас, шыңға, жерге салады. Көбіне орман, қалың бұта, ағаш өскен тау бөктерін мекендейді. Қалың ағаш арасында жемін аулауға, тез бұрылуға қысқа қанаты, ұзын құйрығы өте қолайлы. Қаршыға тұқымдасы құс, майда сүт қоректілер, кейде бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділерді аулайды. Арктика мен Антарктикадан және кейбір мұхиттағы аралдардан басқа жерлерде, әсіресе орман, тауда кездеседі.
Халықаралық табиғатты қорғау одағының мәліметінше қаршыға тұқымдасына 14 туысқа жататын 70 қазіргі заманғы түрі бар. Қазақстанда қаршыға туысына жататын қырғи, тұйғын, мықи кең тараған. Бұлар қолға үйретіліп, аңға салынады.
Аспанда қалықтап тұрған қызыл құйрықты қаршыға
Басқа да құстар туралы білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.