Киікоты

Киікоты Өсімдіктер

киікоты душицаКиікоты (лат. Origanum, орыс. Душица) ерінді гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Гүлдері ұсақ, қызғыл не айқын қызғылт; қалқанша, шашақ тәрізді гүл шоғын құрады. Еуропада, әсересе, Жерорта теңізі маңында және Батыс Азияда тараған 50-ден астам түрі бар. Қазақстанда 2 түрі өседі. Кәдімгі киікоты (Origanum vulgare) құрғақ шабындықтарда, орман алқабында жарық жерлерде өседі. Қазақстанда Тобыл, Есіл, Ертіс маңында, Көкшетау, Ақтөбе облыстарында, Балқаш-Алакөл аймағында, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Күнгей Алтауларында, Каспий төңірегінде кездеседі.

Киікотының құрамында эфир майы, илік заттар мен аскорбин қышқылы болады. Кептірілген гүлі мен жапырағының қайнатылған суы ішек атониясына, қақырық жібітуге, ваннаға қолданылады. Киікоты медицинада адамды арнайы терлететін шай құрамына қосылады. Киікотының жапырағы дәм татымдық зат ретінде тағамға қосылады. Киікоты – балды өсімдік, оны мал жемейді.

Оцените статью
Добавить комментарий

Verification: 10f717cc66f744aa Verification: 91355f6475116ae7