Жидек

Жемістер

Жидек (лат. bacca, uva, орыс. Ягода) – қақырап ашылмайтын, көп тұқымды, сирек бір тұқымды жеміс.

Жидектің жеміс серіктері ашық түсті, жұмсақ, шырынды. Аналық түйіннен пайда болады. Жеміс серігінің экзокарпийі (сыртқы қабаты) мезокарпиймен (ортаңғы қабаты) тығыз жабысқан болса, мұндай жидек жалған жидек (асқабақ, қауын, қарбыз, қияр т.б.) деп аталады. Аналықтың жоғарғы түйінінен пайда болған, экзокарпийі мезокарпиймен тығыс байланыспай, тек түтіктер арқылы байланысатын жемістерді (лимон, апельсин т.б.) цитрус жидек деп атайды. Төменгі аналық түйіннен пайда болған, көп тұқымды, экзокарпийі мен мезокарпийі өте шырынды болып келсе, жидек жеміс деп аталады. Мысалы, жүзім, тұшала, помидор, қарлыған, бүлдірген т.б.

Оцените статью
Добавить комментарий

Verification: 10f717cc66f744aa Verification: 91355f6475116ae7