Долана

Ағаштар

ДОЛАНА (лат. Crataegus, орыс. Боярышник) – раушан гүлділер тұқымдасының бір туысы.

Долананың биіктігі 1-10 м, бұта не ағаш. Бұтақтары тікенді не тікенсіз, жапырақтарының жиегі тілімделген кейде тілімделмеген. Гүлі ақ не қызғылт, қызыл, жартылай шатырша немесе қалқан тәрізді гүл шоғын құрады, қос жынысты, аталығы 15-20. Жемістері дөңгелек не сопақша келген, диаметрі – 8-25 мм, қызыл, сары, кейде қара, 1-5 сүйекті. Мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі шілде-қыркүйекте піседі.

Солтүстік Америка мен Еуразияда 200-дей (кейбір деректер бойынша 1000) жабайы өсетін түрлері белгілі. Қазақстанда жазық және таулы жерлерде өсетін 7 түрі бар. Долананың кейбір түрінің жемісі жеуге жарамды, витаминді, шипалы өсімдік. Әсіресе алқызыл долана мен Алтай доланасының дәрі-дәрмек жасауға гүлі, жемісі, жапырағы пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды. Әсемдік үшін де өсіріледі.

Оцените статью
Добавить комментарий