Жөке

Ағаштар

Жөке (лат. Tilia, орыс. Липа) – жөке тұқымдасының бір туысы. Биіктігі 30 метрге жететін ағаш, кейде бұта.

Жапырағы кезекті орналасқан, дөңгелектеу пішінді, тегіс жиекті. Гүлі қос жынысты, ақ не сарғыштау, хош иісті, гүл шоғыры қалқанша тәрізді. Маусым-шілдеде гүлдейді. Жемісі 1 немесе 2-3 тұқымды қауашақ, тамыз-қыркүйекте піседі. Тұқымынан, тамыр атпаларынан көбейеді. Жөке 300-400 жыл жасайды. Жөкенің жер жүзінде 25-тен астам, Қазақстанда 1 ғана түрі бар. Жөкенің шаруашылық маңызы бар түрі – биіктігі 20-28 метр өзекті жөте (Tilia cordata). Бұның гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиһаз, фанер, музыкалық аспаптар, ыдыстар т.б. бұйымдар, қабығынан жөке, арқан жіп, тұқымынан тамақтық май алынады. Жөкені қаланы көркейту, егістікті қорғау үшін қолдан өсіреді.

Оцените статью
Добавить комментарий