Жүзгін

Ағаштар

Жүзгін, қандым (лат. Calligonum, орыс. Жузгун) – таран тұқымдасының бір түрі.

Биіктігі 40 см-7м бұта не ағаш. Бір жылдық, бұтақтары түзу, көп жылдықтары қисық келеді. Жапырағы ұсақ, ұзынша немесе ине тәрізді, ұзындығы 3-7 мм. Гүлі ақ не қызғылт, қос жынысты, хош иісті. Жемісі – ұсақ, қатты қабықты жаңғақша. Жүзгіннің негізгі тамырының ұзындығы 1,5-2 метр болса, көлбей өскен тамырлары 12-20 метрге жетеді. Жүзгін тұқымынан, сабақ түбіршігінен шыққан өркендерінен, атпа тамырларынан өсе береді. Осы қасиеттеріне және тамырының ұзын болуына байланысты топырақ талғамайды, қуаңшылыққа төзімді, құмда да өседі.

Жүзгіннің Еуропада, Азияда, Африкада өсетін 100 түрі, бұдан Қазақстанның шөл, шөлейіт далаларында кездесетін 65 түрі бар. Жүзгіннің құрамында илік зат – таннин болады, отындық, жемшөптік, сусымалы құм, қар тоқтатуда маңызы бар өсімдік. Қой мен түйе жақсы жейді. Әсемдік үшін де өсіріледі.

Оцените статью
Добавить комментарий