Жіпілген

жіпілген өсімдік Өсімдіктер

Жіпілген гүлденуіЖіпілген (лат. Clemantis orientalis, орыс. Ломонос восточный немесе Клематис восточный) – сарғалдақ тұқымдасына жататын бұта.

Биіктігі 1,5-12 метр, ұзын өрмелегіш сабақты, қалың қысқа түкті не тықыр, қырлы, түсі ашық сұр, кейде қызғылт. Жапырағы ашық сұрғылт жасыл, аздап ет-женді. Гүлі сыпыртқы тәрізді гүл шоғын құрады, сарғылт, кейде қызғылт. Жемісі қабысыңқы келген, ұзындығы 5-10 см. Маусым-тамызда гүлдейді, шілде-қыркүйекте жеміс береді.

Семей маңында, Арал, Каспий төңірегінде, Ембі, Торғай, Қарқаралы, Зайсан, Маңғыстауда, Қызылорда облысында, Беспақдалада, Мойынқұм, Қызылқұмда, Алтайда, Тарбағатай, Жоңғар, іле, Қырғыз Алатауында, Шу-Іле тауында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда құмды шөлейт, сортаң, құмды жерлерде өзен алқабындағы шалғындықтарда, тоғайда, тау бөктерлерінің құрғақ жерлерінде өседі. Жалпы Жерорта теңізінің шығысында, Кіші Азияда, Иран, Тибет, Моңғолияда, Қытайда кездеседі.

Жіпілген – улы өсімдік.

Басқа да өсімдіктер туралы оқығыңыз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.  

Оцените статью
Добавить комментарий