Ешкі

ешкі Аша тұяқтылар

Ешкі (лат. Capra hircus, орыс. Домашняя коза) – мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын аша тұяқты, күйіс қайыратын мал.

Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, жүрісі ширақ, құйрығы қысқа (ұзындығы 8-12 см), сақалтасы сирек, маңырағанда даусы жіңішке. Көбінің шоқтығы үшкір, биік келеді. Ешкінің түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдалы. Сүтінің сапасы сиыр сүтінен артық. Ешкінің – ең бірінші қолға үйретілген үй жануарының бірі. Археологиялық мәліметтерге қарағанда адам ешкіні б.з.б. 5700 ж. шамасында қолға үйрете бастаған. Сүтті ешкі тұқымдары өте өсімтал келеді, 50-60 %-і егіз табады, 7-8 ай сауылады, маусымда 250-350 кг сүт береді, ангор жүндес ешкілердің жүні біркелкі, күмістей жылтыр, биязы, салалы және жіңішке талшықты, ешкілерінен 2-3 кг, текелерінен 4-5 кг сапалы жүн қырқылады; түбітті ешкі тұқымның ешкілерінен 700-800 г, текелерінен 1200 граммға дейін түбіт алуға болады, қазақ ешкілері 18-20 кг ет және тәулігіне 400-500 г сүт береді. Бұл ешкілердің терісі өте құнды, одан сафиян, шевро сияқты жоғары сапалы былғары жасайды.

Ешкі өсіру – ауылдық жерде өз бизнесіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. Осы туралы толығырақ білуді қаласаңыз, осы тұсқа кірсеңіз болды.

Оцените статью
Добавить комментарий