Жолбарыс (лат. Felis tigris, орыс. Тигр) – мысық тұқымдасына жататын ірі жыртқыш.
Тұрқы 160-290 см, құйрығы 99-110 см, салмағы 150- 240 кг. Жүні тығыз, қызғылт сары, көлденең қара жолақты, бауыры ақшыл.
Жолбарыс Оңтүстік және Шығыс Азияда, Ресейдің Приморье және Хабаровск өлкелерінде кездеседі. Өткен ғасырдың аяқ кезіне дейін Закавказьеде, Орта Азияда, Қазақстанда және Забайкальеде де болған. Бұл аймақтарда осы ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап мүлде кездеспейді. Жолбарыс Қиыр Шығыста таулы тайганы, аралас орманды мекендейтін болса, ертеректе Орта Азия мен Қазақстанда өзен жағалауындағы қалың қамыста, тоғайлы жерлерде болған. Көбіне қоныс ауыстырып, жеке-жеке жүреді.
Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік т.б. тұяқты жануарларды жейді, кейде малға, итке, қасқырға да шабады. Ағашқа өрмелейді, жақсы жүзеді. 2-3 жылда дек . — январьда бір ұйығып , 3 ай көтеріп , 2-4 күшік туады. Жылына екі рет түлейді. 40-50 жыл өмір сүреді. Терісі бағалы, бірақ саны аз болғандықтан қорғауға алынған аң. Шығыс елдерін де жолбарыстың еті т.б. органдары халық медицинасында дәрі ретінде пайдаланылады.