Заане ешкісі – сүтті ешкі тұқымы.
19 ғасырдың орта кезінде Швейцарияда Зане (Saane) өзенінің бойында шығарылды. Дене бітісі мықты, сүтті, көпшілігі тоқал келеді. Желінді, емшегі ірі. Терісі жұқа. Жүні қысқа, жіңішке, көпшілігінің түсі ақ. Текесінің орташа салмағы 70-80 кг, ешкісі 50-60 кг, жаңа туған лағы 4 кг-ға жуық болады, көбіне егіз не 3 лақ туады. Сауу мерзімі 8-10, кейде 12 ай. Осы мерзімде 600-700 кг, суттілерінен 1000-1200 кг сүт сауылады. Сүтінің майлылығы 3,5-4,5%. Заане ешкісі Батыс және Орталық Еуропада таралған. Россияға 1905-13 жыладры әкелінді және ешкінің басқа тұқымдарын жақсартуға пайдаланылды.
Ешкі өсіру – ауылдық жерде өз бизнесіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. Осы туралы толығырақ білуді қаласаңыз, осы тұсқа кірсеңіз болды.