Жетісу тритоны

Жануарлар

Жетісу тритоны (лат. Ranodon sibiricus, орыс. Семиреченский лягушкозуб) – құйрықты қос мекенділер отрядының бір түрі.

Тұрқы 20 см-ге жетеді, бірақ бұның жартысы дерлік құйрығының үлесіне келеді. Басы жалпақ, тұмсығы дөңгелек. Артқы аяғы бес саусақты. Түсі сарғыш, ересектері теңбілді. Екі бүйірі 11-13 көлденең жолақты. Құйрығы қабысыңқы, үстіңгі жағы қырлы қыртысты (жүзуін жеңілдетеді). Жетісу тритоны тек Жоңғар Алатауында ғана таралған. Ол ұсақ тасты, ағысы күшті, кішкене тау өзен дерінде де (1800-2500 м биіктікте) тіршілік етеді. Желбезегі жойылған, ересектері су жиегіне де шығып жүреді. Негізінде қыл қанаттылар мен су бүргесі личинкаларымен қоректенеді, насекомдарды, өрмекші тәрізділерді сирек жейді. Қыста қатпайтын бұлақтарда тас астында қыстайды. Личинка сатысы 3 жылға созылады, жыныстық жағынан бес жылда жетіледі. Жетісу тритоны тритондардың ірілерінің бірі.

 

 

Оцените статью
Добавить комментарий